Ақбота Керімбекова келін түсіріп, ене атанды (видео)
Ақбота Керімбекованың отбасында үлкен қуаныш. Әнші тұңғыш ұлын үйлендіріп, ене атанды. Қолы ұзарған Керімбекова бұл қуанышты жаңалығын Instagram-да бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
“Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Келінді болып, отбасымыз қуанышқа толып жатыр… Ұл-қыздарымыз бақытты болсын деп тілеймін. Сіздерге жұғысты болсын. Бүгінгі құдалық керемет өтуде”, – деп жазды Керімбекова сырға салу рәсімінен видео жариялап.
Отау құрған Ақботаның өз ұлы ма? Желі қолданушыларының Керімбековаға жолдаған алғашқы сауалы осы. Әнші тұңғыш ұлын үйлендіргенін растады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Керімбекованың үш ұлы бар. Тұңғышы биыл 20 жасқа келді. Әншінің айтуынша, үлкен екі ұлы әжесінің қолында өскен. Жаңа түскен келін де Ақботаның анасына қызмет ететін көрінеді.
Ал осыдан 1,5 жыл бұрын үшінші мәрте шаңырақ көтерген Керімбекованың өзі көп ұзамай ажырасып кеткен болатын.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

"Артында төрт баласы қалды": Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған азаматтың отбасы 5 жылдан бері пәтер ала алмай жүр
Қаңтар құрбанының жұбайы енді әкімдіктердің табалдырығын тоздырып жүр

Қазақстандық студенттер оқу ақысының негізсіз қымбаттағанына наразы: ЖОО-лар келесі оқу жылына бағаны қаншаға өсірді
"Шабыт" студенттері бағаны бірден 260 мың теңгеге өсіру орынсыз деп санайды