Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі: Отбасылық 25 жыл үшін саған алғысымды айтамын

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев туған күнін өз отбасымен бірге қарсы алды. Режиссердің туған күн кешіне Нәзира Бақаева да барды. Бұрынғы жары желіде Сатаевқа ақ тілегін арнады.

Бұған дейін режиссер әйелі Нәзира Бақаевамен ажырасып кеткенін, алайда балалары үшін дос болып қалатынын атап өткен еді. Ерлі-зайыпты сол сөздерін дәлелдеді. Туған күн кешінде бас қосып, бірге атап өтті. 

Ақан Сатаевтың отбасымен бірге туған күнін атап өтті. Бұрынғы жары жүрек жарды тілегін жеткізді.

"Туған күніңмен, Ақан. Отбасылық 25 жыл үшін саған алғысымды айтамын. Барлық жақсылықты тілеймін. Ұзақ өмір, зор денсаулық тілеймін. Сәттілік жолдасың болсын. Әр істе жолың болсын", - деп жазды Нәзира Бақаева

Актриса бұрынғы жолдасымен түскен ескі естелік суретті жария етті. 

Желідегі қолданушылар ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткеніне өкініш білдірді. Енді бірі қайта қосылуға кеңес берді. Енді бірі ажырасқан жандардың достығына қайран қалды. 

"Ажырасып кеткендеріңіз өкінішті. Бірге болсаңыздар екен", "Ажырасқан адамдардың достықты сақтап қалуы екіталай", "Сіздерге риза болдым", "Балаларыңыз үшін бірге болыңыздар", - деп жазды олар.  


Мейрамбек Бесбаев: Киноға бірге түскен қызды іздеп әрең таптым, сөйтсем ол Ақан Сатаевтың жары екен


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр