Ақан Сатаев әйелімен ажырасатынын мәлімдеді

Қазақстандық режиссер, әрі продюсер, «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев әйелімен заңды түрде ажырасып кетті. Екеуара ақылдаса отырып қабылдаған шешімді режиссердің өзі мәлім етті. 

"Ассаламуалейкум! Құрметті достар! Сіздерге бар жақсылықты тілеймін. Әйелім Нәзира екеуміз ресми түрде жеке өмірімізге қатысты үзілістерді жариялағымыз келеді. Сіздер түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз. Бұл ретте адамның жеке өмірін құрметтеуді сұраймын. 

Бір-бірімізге деген асқан құрметпен, бірге тұрған бірнеше жылдар үшін, барлық қиындықтан өткен кезеңдеріміз үшін, кереметтей бес бала үшін, отбасы құрғанымыз үшін, қолдау мен махаббат үшін, өмірлік тәжірибелер үшін, достық қатынаста біз ажырасатын болдық. Біз енді ерлі-зайыпты емеспіз, бірақ балаларымыз үшін ата-ана болып қала береміз. 

Нәзира екеуміз жақын доспыз. Бұдан кейінгі бір-бірімізсіз, алыс, әркім өзі сүретін ғұмырымызға тілектестік білдіріп, құрмет таныттық", - деді Сатаев парақшасында.


Мейрамбек Бесбаев: Киноға бірге түскен қызды іздеп әрең таптым, сөйтсем ол Ақан Сатаевтың жары екен


Әйгілі режиссердің жары Нәзира Бақаева бірнеше фильмде роль сомдаған актриса. Бала күнінде "Алғашқы махаббат" фильміне түсіп, Мейрамбек Бесбаевтың ғашығының рөлін сомдаған еді. Біраз уақыт бұрын өнер әлемінен кетіп, бар уақытын отбасы мен мұсылмандық жолға арнайтынын мәлімдеді. 

Бұндай хабар күтпеген желідегі қолданушылар алаңдап жатыр.

"Ақан аға, болмайды олай жасамаңыздар, жаман болыпты", "Қандай өкінішті! Бес баладан соң не болып қады?", "Алла білуші, 5 балаң бола ма, 30 жыл отасасың ба, бәрі бір Аллаға аян екен, соны ұқтым", "Біраз уақыттан кейін қайта қосылыңыз, қаншама жол бірге жүріп, орта жолда адал досты тастап кеткендей, жақсы өмір белестерді бірге көріңіздерші, Алла жар болсын, өкінішті", "Өз өміріңіз өзіңіздің қолыңызда. Аман болыңыз! Алла Тағала жар болсын!", - деп жазды олар.

Ақан Сатаев пен Нәзира Бақаева 20 жылдай уақыт бірге ғұмыр кешті. Ортақ 5 баласы бар. Жақында ерлі-зайыптының қызы Марйам Сатаева тұрмысқа шықты. 

Айта кетейік, карантин уақытында мұсылманша некесін қиған екі жас жақындарымен атаулы күнді атап өткен болатын. Ақан Сатаев үлкен той жасамай-ақ қызын тұрмысқа берді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр