Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақ киізге өлген адамды орайды": Нұрлан имам кілемге отырып ұзатылған Сәкен Майғазиевтің келініне қатысты пікір білдірді

Фото: Видеодан скриншот

Танымал дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы ақ кілемде отырып ұзатылған Сәкен Майғазиевтің келініне қатысты  да пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Имам ақ киізді жаназамен байланыстырып, қазақтың дәстүрлі туралы айтты. 

”Бұл бүкіл қазаққа тән салт деп есептемеймін өз басым. Неге? Өйткені, сәл қиыспаған дүние. Кілем деген мұнда шықты. Киіз деп айтатын. Біз ақ киізге хандарды шығарғанбыз. Одан кейін ақ киізге өлген адамды орайды. Қазақ салтында киізге орап шығарған. Ханды ақ киізге отырғызды дейді. Сол үшін әр нәрсе өз заманында қалу керек. Біз бақуаттылықтың, данышпандықтың, білгіштіктің, байлықтың көрінісі осы екен деп, көрсете берудің де реттілігі болу керек деп есептеймін”, – деді ол elitar.kz порталына берген сұхбатында. 



Айта кетейік, желі қолданушылары әншінің келінін қызу талқыға түскен еді. 

“Келінді Алладиндей ұшырайын деді ме”, “Жасым 65-те, мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Екі жас қол ұстасып шықса керемет болар еді”, “Жаман ырым сияқты. Адам қайты болғанда кілемге орап, төрт адам көтермей ме?”, “О заманда, бұ заман, тірі адамды кілемге отырығызып шығарғаны несі”, “Оғаш көрінеді екен”, – деп жазды көпшілік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 16:35
Талқылау