Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana дауы: Татьяна Фостер куә деп танылмады

Air Astana туралы дау: Татьяна Фостерден куә ретінде жауап алынбады

Air Astana компаниясындағы 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқыруға байланысты іс бойынша әуе компаниясы басшысының жұбайы Татьяна Фостерден куә ретінде жауап алынбады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Avianews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Air Astana компаниясының бұрынғы қызметкері Ренат Абулхановтың адвокаты Сергей Лобачтың айтуынша, аталған іс бойынша 24 куә, 3 әуе компанияның өкілі және бір маман жауапқа тартылды. Іс бойынша барлығы 108 куә бар. Алайда Татьяна Фостер куә деп танылмады. 

Ол сондай-ақ 1 054 710 181 теңге көлеміндегі болжамды залал сомасы бастапқы құжаттарды талдамай-ақ анықталғанын атап өтті.

“Бұл соманы тергеуші аудитордың есебі мен Экономикалық тергеу департаментінің мамандары мен сарапшыларының қорытындылары негізінде, бастапқы бухгалтерлік есеп құжаттарын зерттемей белгілеген. Бұл сотта дауланып отырған басты мән-жай. Бір фигуранттан екіншісіне аударылған сома іс материалдарымен дәлелденбеген және аса маңызды мән-жай емес”, – дейді адвокат Сергей Лобач.

Қазір сотта тараптардың жарыссөзі өтіп жатыр. Ренат Абулханов пен оның қоғамдық қорғаушысы 14 қаңтар күні сағат 15:00-де сөз сөйлейді. Басылымның хабарлауынша, Air Astana бұл іс бойынша пікір білдіруден бас тартты.

Бұған дейін FlyArystan компаниясының бұрынғы топ-менеджері Ренат Абулхановтың қорғау тарапы Air Astana әуе компаниясының әуе билеттерін жеңілдікпен басшылықтың туыстарына рәсімделіп, сатылғанын мәлімдеген болатын. Қорғаушы тараптың нұсқасы бойынша, жеңілдікпен билет алғандардың қатарында Air Astana басшысы Питер Фостердің жұбайы да болған.

Адвокаттардың айтуынша, билеттер басшылықтың тікелей нұсқауымен рәсімделген

Айым Болатқызы
Сенбі, 10 Қаңтар, 2026 18:43