Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana Алматы–Мале бағытындағы рейстің кешіктірілу себебін түсіндірді

Air Astana Алматы–Мале бағытындағы рейстің кешіктірілу себебін түсіндірді. Ұшақ ақаулар шыққандықтан Алматы әуежайына қайта оралуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"16 шілдеде Алматы - Мале бағыты бойынша KC585 рейсін орындайтын Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы кесте бойынша сағат 01:47-де ұшты. Алайда ұшу кезінде қозғалтқыш және индикатор сенсоры істен шықты. Қауіпсіздік процедураларына сәйкес ақауды жою үшін ұшақ әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылданды. Сағат 03:30-да ұшақ Алматыға қалыпты режимде қонды", - делінген хабарламада.

Бұл рейс бүгін сағат 18:15-те ұшады.


Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 16 Шілде, 2022 16:51
Талқылау