Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

AI, Big Tech және жаңа реттеу тетіктері Қазақстандағы БАҚ-тың болашағын қалай өзгертіп жатыр

Алматыда тағы кәсіби қауымдастықтың тоғысқан нүктесіне айналды. Таяуда болған XVII MediaҚұрылтай жетекші редакцияларды, сарапшыларды, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамдық пікір көшбасшыларын жинап, технологиялар, жаңа бизнес-модельдер және цифрлық тәуекелдің өсуі жағдайында қазақстандық медиа нарығы қалай өзгеріп жатқанын талқылады.

Жылдың басты тақырыбы: Медианарық: тәуекел және мүмкіндіктер?

Бірінші пленарлық сессия бүкіл іс-шараның тонусын айқындады. Сарапшылар ЖИ-дің қарқынды дамуы мен платформалық экономиканың, жаңалық тұтыну моделін түбегейлі өзгерткенін талқылады.

Егер бұрын жарнама бюджетінің басым бөлігі ел ішінде қалса, бүгінде қазақстандық қаражаттың 80%-ға жуығы Google, Meta, TikTok сияқты халықаралық платформаларға кетеді. Жергілікті медиа үшін жай ғана бәсеке емес – бұл өмір үшін күрес.

Сарапшылардың пікірінше, жарнама берушілердің кетуі БАҚ-ты қаржылық тұрғыда әлсіз етеді, ал сыртқы серіктестерді іздеу редакциялық тәуелсіздікке қауіп төндіретін жағдайға жиі айналады.

SEO-модельдің орнына пайдаланушыға тікелей ЖИ-дің жауап беретін жаңа іздеу форматтарының келді. Осылайша, трафикке, табысқа және соның салдарынан салық түсімдеріне қауіп төндіреді.

Мемлекет мәселенің маңызын мойындайды. Мәдениет және ақпарат министірінің орынбасары Қанат Ысқақов министрліктің сау жарнама нарығын дамытуға мүдделі екенін және ең үлкен жарнама беруші болып қалуды мақсат етпейтінін айтты.

Конференцияның екінші ірі блогы реттеуге арналды. Спикерлер заңнамалық орта саланың дамуына қалай көмектесіп немесе керісінше шектеу қоя алатынын талқылады.

Құқықтық медиа-орталық өкілі Диана Окремова алаңдаушылық тудыратын трендке назар аударды. 

"Сөз бостандығының халықаралық рейтингінде Қазақстан бір сатыға көтерілгенімен, тәуекелдер азайған жоқ. Негізгі факторлар:
•    бақылау мен реттеудің күшеюі
•    цифрлық қатерлердің өсуі – бұғаттаудан кибершабуылдарға дейін
•    мемлекеттік тапсырысқа тәуелділіктің артуы (81 млрд теңгеден асып түсті)
•    онлайн-аудиторияның көбеюі және оның назарын ұстап қалу үшін күрестің күшеюі", – деді Диана Окремова.

Дәстүр бойынша MediaҚұрылтай аясында Михаил Дорофеев атындағы тәуелсіз медиа сыйлық табысталды. 2025 жылғы лауреаттар

Тамара Вааль (vlast.kz) және Сания Тойкен. Олар марапат пен сыйақыны сыйлық серіктесі – Еуразиялық банктен алды. Сарапшылар кеңесінің өкілдері атап өткендей, лауреаттардың кәсіби шеберлігі мен батылдығы, әсіресе жылдам өзгерістер жағдайында, сала үшін үлгі боларлық стнадарт.

Сенсация немесе қоғамдық мән: неге хайп жеңеді

Ең қызу пікірталастардың бірі "Хайп және мемлекет: қоғам назарын бұру саясаты шынымен бар ма?" сессиясында өрбіді. Спикерлер неге жұлдыздар, ажырасулар, көп әйел алу сияқты тақырыптар тұрақты қызығушылыққа ие болып, маңызды жүйелік мәселелерді ысырып тастайтынын талқылады.

Сарапшылар, қоғам жеңіл жаңалықтарға үйренді. Күрделі талдау мен сыни ойлауды қажет ететін материалдарды ілгерілету журналистерге барған сайын қиын екенін айтып кетті.

Медиа саясатқа назар аударғанның өзінде, аудитория бәрібір жеке, тұрмыстық, адами жаңалықтарды талап етеді. Ал екінші жағынан, сессия спикерлерінің пікірінше, отбасылық құндылықтар туралы контент хайп тудыру талпынысы емес, керісінше, аудиторияның назарын маңызды дүниелерге руханилық пен отбасы мәдениетіне қайтаруға бағытталған әрекеті болып саналады.

Салалық медиа: қалай пайда табу және сапаны сақтау

"Іскерлік-журналистика. Салалық медиа қалай табыс табады? Контент пе, трафик пе?" сессиясы бизнес-модельдер мен монетизацияға арналды. Сарапшылар, трафиксіз медиа болмайтынын, бірақ тек хайптың соңынан қуу тығырыққа тірелетінін атап өтті.

Сонымен қатар сарапшы сымақтар көбейіп, жалған пікірдің тез таралуы іскерлік медиаға деген сенімді әлсіреткені айтылды.
Internews, MediaNet, Еуразиялық цифрлық қор және сарапшылар фишинг, бұзулар, блоктау әрекеттері, қысым көрсету, жалған ақпарат тарату жағдайында редакцияларды қалай қорғау керектігін талқылады.

Басты қорытынды ретінде тұрақтылық – жеке де, ұйым деңгейіндегі де цифрлық гигиенадан басталатыны туралы айтылды.

Тәжірибелік мастер-класстар: инклюзия және тергеу журналистикасы

MediaҚұрылтай тәжірибелік сессиялармен аяқталды. DeFacto MediaHub Қазақстандағы алғашқы инклюзивті медиахабты таныстырды. Мұнда медиадан тыс қалып қалған, мүмкіндігі шектеулі жандар журналист әрі жүргізуші ретінде жұмыс істейді.

Журналист Лұқпан Ахмедьяров тергеу жанрында жұмыс істеу және әлеуметтік желілерде сенім қалыптастыру бойынша мастер-класс өткізді.

Қазақстан баспасөз-клубының президенті Әсел Қарауылова Қазақстан медиа нарығы жаңа – анағұрлым күрделі, технологиялық және бәсекелі циклге өткенін айтты.

"Осы жағдайда ғаламдық платформалармен әділ ережелер орнатып, алгоритмдер мен ЖИ дәуірінде медианың тұрақтылығын және тәуелсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды", – деді Әсел Қарауылова.

Қатысушылардың айтуынша, қазір бұрынғыдан да маңыздысы – қазақстандық медиа қаржылық жағынанұрақты, технологиялық тұрғыда қорғалған және редакциялық тәуелсіз болуы үшін тетіктер әзірлеу. 

"Медиа – жай ғана индустрия емес, бұл қоғамдық институт. Жедел технологиялық және геосаяси өзгерістер жағдайында аудитория сенімін және журналистика сапасын арттыру қажет", – дейді қатысушылар.

"Қазақстан Баспасөз-клубы" Ақпараттық орталығы форумның барлық қатысушылары мен серіктестеріне шынайы алғыс білдіреді:

•    Бас серіктес: "Шеврон Мунайгаз Инк."

•    Серіктестер: KAZ Minerals тобы, Kusto Group, Astana Motors, Kcell, Geely Kazakhstan, AlmaU Медиа және кино мектебі, Internews Network, Еуразиялық банк, Carlsberg компаниясы.

•    Ақпараттық серіктестер: Naryk.kz, Stan.kz, Nur.kz, National Business Kazakhstan.

Толық трансляцияны сілтеме арқылы көруге болады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 17:50