Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ағайынды төртеу” лақап атымен жүрген қылмыстық топтың серкесі спортшыларға демеуші болып келген

90 жылдары «Ағайынды төртеу» деген лақап атпен елге танылғандардың бірі Еркін Ізбасаров қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны үшін кеше Алматы қаласында ұсталған болатын.

2016120810003971173_f4c1cddb6b05168078ff8ee6386e7c36 Негізінен Еркін Ізбасаров Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ноғайты ауылынан. Ол қазіргі уақытта ақтөбелік спортшыларға демеуші болып, тіпті, биыл Рио олимпиадасына қатысқан Нұрислам Санаевты Қазақстанға әкеліп, оның жаттығуына бар жағдай жасаған екен, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
50 жастағы Еркін Ізбасаров  арбаға таңылған. І топ мүгедегі өз еркімен жүре алмайды. Дегенмен, Ақтөбе облысындағы қоғамдық жұмыстарға, спорттық шараларға жиі қатысып, күні бүгінге дейін көптің көз алдында жүрді. Ол палуандарға ерекше қолдау көрсетіп, демеушілік етті. Соның бірі – Артас Саана. Ол соңғы жылдары аты-жөнін өзгертіп, Рио олимпиадасына қатысар алдында Нұрислам Санаев болды. Қазіргі уақытта палуан Алматы қаласында құрама команда жаттығуында жүр. Ақтөбе облыстық олимпиада резервін даярлау ортылығының директоры Айнұр Қалиқызының айтуынша, таяу уақытта спортшы Ақтөбеге келмейді. Нұрислам Санаев олимпиадаға баратын палуандардың тізіміне қосылған кезде оның демеушісі Еркін Ізбасаров екені, палуан Ресейден Қазақстанға қоныс аударғаны белгілі болды. Палуандар мен боксшыларға демеуші болған қылмыстық топ жетекшісі өз қаржысын жұмсап, спортшыларды оқу-жаттығу жиындарына жіберіп отырған. Қазіргі уақытта да спорт саласының қызметкерлері, «спортшыларға демеуші болып жүрген жалғыз меценат еді» деп айтады. «Еркін Ізбасаровты палуан, спортшы ретінде танимын. Әкесі Жұмаш ағай көп спортшыны жаттықтырған адам. Еркіннің өзі соңғы жылдары спортшыларға демеуші болып, күрестің көтерілуіне үлес қосқан еді. Ақтөбе көп жетістікке қол жеткізді. Ал, кешегі оқиғаны, әсіресе, мұнай ұрлығы, қылмыстық топ туралы естіп, таң қалып отырмыз», дейді «Ер Бақыт» патриоттық спорт клубының жетекшісі Марат Қойлыбаев. Бұған дейін Ақтөбеде арнайы операция жүргізіліп жатқанын хабарлаған едік. Кейінірек жағдайға қатысты ҰҚК түсініктеме де берген. Ақтөбедегі мұнай ұрлығын салафиттерге қатысы бар қылмыс әлемінің атышулы серкесі басқарған. Жіберіп алмаңыз: Америкалық азамат лотерея билеттерін сатушының қателігінен миллион доллар ұтып алды “Болашақ” бағдарламасымен оқуға аттанып ұшты-күйлі жоғалған Ержан Еліков АҚШ-тан табылды 9 жасар оралман қыздың министрге жазған хаты қазақстандықтардың жүрегін ауыртты   
Талқылау