Ағасы Жанар Дұғалова туралы мүлде айтқысы келмейтінін жеткізді
Әнші, композитор Жанар Дұғалованың бойында ақындық қабілет барынан көпшілік оқырман хабардар. Мұнымен қатар, Жанар ақын Иран-Ғайыптың туған жиені екен.
Фото: instagram.com/zhanar_dugalova/
Бұл туралы Жас Өркен хабарлайды.
Ақындығы нағашысынан қанмен берілсе керек. Мұны бір бағдарламада Жанардың өзі айтты. Ағасымен мақтанып отырды.
“Мұны ести сала, Иранбек ағамызға хабарластық. “Мен ол туралы айтпаймын, айтқым да келмейді” деп тұтқаны тастай салды. Таңбыз. Өйтетіндей жиені нағашысына не істеді екен? Əлде сахнадағы кейбір қылықтарын жақтырмай ма?”, – деп жазады аталған басылым.
Жанардың маса туралы өлеңі оқырмандарға кеңінен танымал.
“Ұйқы бермеген масаны өлтіргеніммен, ұйқым келмеді. Ол да ана шығар. Мен сияқты ол да сүйгенін күтіп жүрген болар. Мен қолымды қанға малдым. Сол түні маса менің түсіме енді”, – деп аяқталады.
Жіберіп алмаңыз:
Жанар Дұғалова тарихи роман жазуды қолға алды
Жанар Дұғалованы министрлік берген марапатқа лайық емес дегендер желіде шу көтерді
Дұғалованың орындауындағы “Бұлбұл” әні тыңдармандарын сүйсіндірді (видео)