Ағасы Мұхаммед-Әли Жүгінісовтің үйленгенін растады
Жуырда әлеуметтік желіде Мұхаммед-Әли Жүгінісовтің үйленгені туралы ақпарат тарады. Алайда өнер иесі де, оның отбасы да мұны растамады. Есесіне Мирас Жүгінісов інісінің отау құрғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TABOO бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Үйленемін, деді. Жүріп жүрген қызы болды. Мамалар алдымен менен сұрады. Менің жолымды кескендей деген әңгіме бар ғой. Мен "үйлене берсін" дедім. Себебі ертең мен үшін үйленбей қалса деген ой болды", – деп ағынан жарылды Мирас.
Мирастың айтуына қарағанда, жас жұбайлар Мұхаммед-Әлидің ата-анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.
Өзінен кейінгі бауыры отбасын құрғандықтан, үйлену туралы әңгіме Мирасқа да көп айтылады. Алайда әншінің әзірге шаңырақ көтеретін ойы да, кездесіп жүрген қызы да жоқ.
"Үйлен деп айтады. Ертең Мұхаммед-Әлидің баласы сенің балаңнан үлкен болады. Сондықтан тезірек үйлен, жүре бермей деп. Бірақ әзірге үйленемін деген ой жоқ", – деді Мирас.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн