Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ағашқа соғылған": Ақмола облысында шаңғыдан құлап, қаза тапқан жасөспірімнің ісі тергелуде

Ақмола облысында 2 қаңтарда шаңғы базасында кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sinegor.kz порталына сілтеме жасап.

Ақмола полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Оқиға 2 қаңтарда болған. Сағат 17:25-те Зеренді ауданының ІІБ кезекші бөліміне шаңғы базасының меңгерушісінен Садовое ауылынан 10 шақырым жерде шаңғы трассасында 16 жастағы кәмелетке толмаған елорда тұрғынының қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

“Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Материалдарды бастапқы жинау барысында кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен шаңғы базасына демалуға келгені анықталды. Тіршілік белгісі жоқ жас жігіттің денесін екі демалушы тауып алған. Жігіт шаңғы трассасына түсіп келе жатқанда ағашқа соқтығысып құлап, есін жимай сол жерде қайтыс болған", – деп хабарлады полиция.

Еске салсақ, осыған дейін айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы Әлихан есімді ұлы оқыс жағдайда көз жұмғанын хабарлаған едік.

Талқылау