"Ағамды пышақтап кетті": Нұрболат Қанай хит болған әнінің шығу тарихын айтып берді
Танымал әнші Нұрболат Қанайдың соңғы жазған әні тыңдарман ықыласына бөленді. Өнер иесі туындыны өмірден ерте кеткен ағасына арнап жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/qanay.913
Жастар арасында кеңінен танылған әнші 9 жыл бұрын дүниеден озған ағасын есіне алды.
“2015 жылы Алматыда жүрген кезде, ауылдан суық хабар келді. Құлсарыда тұратын ағамды біреулер пышақтап кетіпті. Артында ата-анасы, жары, екі баласы қалды. Сол жылдар бізге өте қиын болды. Балалары өте кішкентай еді. Қазір есейді”, – деп көзіне жас алды әнші.
-
Қазақстанда азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салынбақ
-
Депозит қана емес: Қазақстандықтар үшін басқа қандай банктік өнімдер тиімді
Өнер иесінің айтуынша, “Қара бұлтың көшсін” деген әнді жеңгесіне арнаған.
“Ағам кеткеннен кейін, жеңгем тұрмысқа шықпады. Екі баласын өсіріп, жетілдірді. Жеңгеме ризашылығымды ән арқылы жеткізгім келді. Бұл әнде ағамның сағынышы да, соңғы сөзі де бар. Жеңге, сен бақытты болуға лайықсың!”, – деді әнші.