Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АЭС құрылысы бойынша референдумда заңбұзушылықтар әзірге анықталған жоқ – Бас прокуратура

Бас прокуратура АЭС құрылысы бойынша референдум заңбұзушылықсыз өтіп жатқанын мәлімдеді.

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің басшысы Бекжан Қараманов дауыс беру процесі заңнамалық негізде өтіп жатқанын айтты. Орталық сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік органдар тарапынан заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.

"Бүгінгі таңда сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады, сондай-ақ сайлау учаскелерінде сауалнамалардың нәтижелерін жариялауға тыйым салынады. “Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу шарттарын бұзу” бойынша қазіргі уақытта мұндай фактілер тіркелген жоқ", – деді Бекжан Қараманов.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев басшылық пен қолбасшылық құрамының тәулік бойы кезекші болатынын айтты. Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері жоқ.

Референдум өтетін орындардың техникалық беріктігі, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғанысы тексерілді. Барлық аумақтар тәулік бойы күзетпен қамтылған.

"Полиция қызметкерлерінің дауыс беру залында болуына рұқсат етілмейді, олар қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу үшін комиссия төрағасының шақыруы бойынша келеді", – деп түсіндірді ол.

Қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда ішкі істер министрлігінің өкілі полицияның кезекші учаскелеріне немесе 102 телефонына хабарласуды сұрады.

Талқылау