Адвокаты: Шетелге демалуға Суханбердиева емес, мен бардым
Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева сот тағайындаған айыппұлды төледі. Ақпаратты оның адвокаты Айгүл Амренова растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Тамара Вааль
«Эльмира Суханбердиева Қазақстанда, Нұр-Сұлтанда. Отбасымен бірген. Ешқандай мәселе жоқ. Демалыс алған соң елден кеткен менмін. Ол Қазақстанда болды. Күн сайын сөйлесіп тұрдық. Бүгін үкім шығарылды, оған шағым жасалынған жоқ. Айыппұлды төледі, іс аяқталды», - деді Айгүл Амренова.
Бұған дейін Telegram арналарының бірінде Эльмира Суханбердиеваның елден кетіп қалғандығы туралы хабарланған болатын.
Айта кетсек, Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шықты. Сот оны кінәлі деп танып, 2 500 АЕК көлемінде айыппұл жазасын тағайындады. Айыппұл мөлшері 5 миллион 948 мың 900 теңгені құрады. Ол сонымен бірге өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
34 күн қамауда болған уақытында Суханбердиева «Түрме вице-министрдің көзімен» атты кітабын жазды. Оның айтуынша, кітап жақында жарық көреді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
