Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адвокат: Бір адамды шығарып алудың өзі үлкен еңбек

"Аманат" қоғамдық комиссиясының мүшесі, адвокат Мәди Мырзағараев жазықсыз қамалған азаматтарды шығарып алу үлкен еңбекті талап ететінін айтты. Журналистерге арналған брифинг кезінде қорғаушы шығарылған азаматтардың іріктелмегенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мырзағараевтың айтуынша, комиссия мүшелері аралаған өңірледің өзінде полиция қызметкерлеріне қатысты 50-ге жуық қылмыстық іс қозғалған. 

"Ешкімнің ешкімді азаптауға құқығы жоқ. Тіпті соғыс уақытында тұтқынға түскен тұтқынды да азаптауға ешкімнің құқығы жоқ. Бізге азаптау, ұрып-соғу, қинау туралы деректер түссе, біз оны ашық айтып, құзырлы органдарга жазбаша жеткізіп жатырмыз", – деді Мырзағараев. 

Адвокат көмек көрсетілгендердің іріктелмегенін атап өтті. 



"Іріктеп алғандар, іріктеп шығарғандар деген дұрыс емес. Себебі олар іріктеп алып, шығарылғандар емес. Біздің көмектесе алған, жәрдем көрсете алған адамдар. Жетпегендері де бар ішінде. Бір адамды шығарып алудың өзі үлкен еңбек. Кедергілер мен ауқымды жұмыс істеу керек. Бірақ бұл қалғандары  кінәлі деген сөз емес", – деді ол. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Жұма, 11 Ақпан, 2022 14:26
Талқылау