Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділетті – Министрлер президент жариялаған сөгіс туралы

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

министрлер

"Сұрақтар әділ қойылды. Өте дұрыс сын айтылды. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қызметіміздің тиімділігін арттыру бойынша міндет қойылды. Ауыл шаруашылығы министрлігімен іс-шаралар әзірледік, сіздердің алдарыңызда да, Мемлекет басшысының алдында да баяндаймыз", – деді Сұлтанов.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те президент сынымен келісетінін айтты. 

"Мемлекет басшысы жариялаған сөгісі әділ болды. Жұмысымызда кемшіліктер болғанын білеміз. Өз баяндамамда қант нарығында объектив және субъектив факторлар болғанын көрсеттім. Қазір оны түзету әрі жұмыс тиімділігін арттыру үшін барлық қажет шараны қолданып жатырмыз", – деді министр.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында үш министрге сөгіс жариялаған еді. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 26 Шілде, 2022 13:36
Талқылау