Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділет министрлігі: Қазақстанда саяси партия құру енді жеңіл болады

ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Олжас Данабеков Қазақстанда саяси партия құру және тіркеу жеңілдетілетіндігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

депутаты

«Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмасы. Саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісін 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету мәселесін «Саяси партиялар туралы» Заңына тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Бұл ретте, саяси партияларды құру үшін қазіргі тіркеу кедергілері 10 жылдан астам уақыт сақталып отыр және Президент атап өткендей, ол өткен кезеңнің талаптарына сәйкес келеді», - деді Олжас Данабеков.

Осыған орай департамент басшысы халықаралық тәжірибе қосымша зерттелгенін жеткізді. Бұған қоса әр мемлекетте саяси партияларды тіркеу үшін адам санында елеулі айырмашылықтар бар екендігі байқалыпты.

«Бұл жағдай мемлекеттің саяси және әкімшілік құрылымы бойынша, сондай-ақ халық саны бойынша ерекшеленеді. Осыған байланысты Президенттің ұсынып отырған бастамасының мақсаты - көппартиялық процесті қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестеріне белсене қатысуын қамтамасыз ету», - деп қосты ол.

Бұған қоса Қазақстанда референдум өткізу ұсынылғаны айтылған еді. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Ақпан, 2020 12:41
Талқылау