Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділет Қожанбаев Семей қаласының жаңа әкімі болып сайланды

Фото: gov.kz

Әділет Қожанбаев Семей қаласының жаңа әкімі болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Семейде 12 қазанда өткен Қазақстандағы алғашқы әкім сайлауының қорытындысы жарияланды.

Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өзін-өзі ұсынған Әділет Қожанбаевқа 89 441 адам дауыс берген.

Оның қарсыластары — А.К. Бекжасаров пен Қ.М. Төлеуов тиісінше 9 763 және 12 557 дауыс жинаған.

Әділет Қожанбаев 1980 жылы туған, сайланғанға дейін Абай облысының Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған.
Ол Абай облысының Көкпекті ауданында туып-өскен. 

Қазтұтынуодағының аң-терісі және мех колледжін "Экономика, бухгалтерлік есеп және талдау" мамандығы бойынша тәмамдаған. "Тұран" университетінде "Бухгалтерлік есеп және талдау" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында оқып, "Іскерлік әкімшілендіру шебері" (MBA) біліктілігін алған.

Еңбек жолы:

•    2000 жылы еңбек жолын "Крамдсбанк" АҚ Семей филиалының тарату комиссиясында кредиттік қызметкер болып бастаған.

•    2001–2013 жылдары — Алматы қаласындағы "БТА Ипотека" АҚ-да түрлі басшылық қызметтер атқарды (процессинг және кепіл мониторингі бөлімінің басшысы, кредиттік басқарма басшысы, атқарушы директор).

•    2013–2014 жылдары — "Темірбанк" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Семей қаласындағы филиал директоры.

•    2014–2021 жылдары — "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да операциялық департамент директоры, басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары.

•    2021–2022 жылдары — "Қазақтелеком" АҚ Алматы қаласындағы сервистік фабрика филиалының бас директоры.

•    2022–2024 жылдары — Абай облысының қаржы басқармасының басшысы.

•    2024 жылдың тамызынан бастап 2025 жылдың қазан айына дейін — Көкпекті ауданының әкімі.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 14 Қазан, 2025 17:01
Талқылау