Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділдік іздеймін: Азаматтық белсенді сотталған Talgo жолсеріктерін жақтап шықты

Азаматтық белсенді Бақытжан Құрманов жолсерік Жетес Үмбетәлиевтің ешбір себепсіз сотталғанын айтты. Мұндай ойға ол қылмыстық істің материалдарымен танысқаннан кейін келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі informburo бағдарламасына сілтеме жасап. 

белсенді

Бақытжан Құрманов өз ойының астарында еш жамандық жатпағанын, тек әділеттілік іздеп отырғанын жеткізді. Ол сотталған жолсеріктердің жазасыз екеніне сенімді. Айтуынша, мұндай ойға қылмыстық істің материалдарымен танысқаннан кейін келген. 

«Барлық куәгер, тіпті, жәбірленуші әйел оның қара футболка мен трикода болғанын айтты. Полиция қызметкерлері анализ жасау үшін оның ілініп тұрған формасын алған болатын. Барлық куәгер жаңағындай киімде болғанын айтып отыр. Бірақ қалай екені белгісіз әлгі қыздың шашы осы формадан табылады», - дейді белсенді. 

Бақытжан Құрмановтың бұл пікірі сотталғандардың бірі Жетес Үмбетәлиевке қатысты айтылып жатыр. Ол әріптесі Қолқанат Құрманиязовпен әйел зорлағаны үшін сотталған еді. 

Жәбірленуші 35 жастағы әйел өз кезегінде өзін жолсеріктердің мас күйінде кезек-кезегімен зорлағанын айтқан-ды. Айтуынша, жолсеріктер купені өз кілтімен ашып кірген. Осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілердің бірі 2,5, екіншісі 2,3 жылға сотталған болатын

Талқылау