Әділ Лиян Айсәуле Бақытбекті орнына қойды
Танымал тележүргізуші әрі продюсер Әділ Лиян Айсәуле Бақытбектің шағымына жауап берді. «Ревю» бағдарламасының авторы не себепті Есентаевтар отбасы туралы сюжетке Айсәуленің пікірін қосқанын түсіндірді. Сондай-ақ, ол бағдарламада жұмыс істейтін журналистердің кәсіби маман екенін алға тартып, оларды қаралауға жол бермейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.
«Құрметті, Айсәуле Бақытбек, сіздің жазбаңызбен танысып шықтым және болған жайтқа пікір білдіруге дайынмын. Тек 2 себеппен: ақталғанды ұнатпаймын, бірақ жалған жаланы да көтере алмаймын. Сонымен, сіздің қайырымдылық туралы берген пікіріңіз қызықсыз болды, не туралы айтып тұрғанымды өзіңіз де түсінетін шығарсыз. Сол себепті сюжетке ақпаратты молынан жеткізген өзге спикердің пікірін қостық. Мұны сюжетті жасау барысында редактордың өзі шешеді. Одан бөлек, эфир уақыты шектеулі, ал «Ревю» сылдыр су ағызғанды ұнатпайды. Продюсер ретінде мен үшін маңыздысы – көрерменге пайдалы, ақпараты мол, тек нақты факті мен адал, сенімді әрі тексерілген материалды ұсыну. Өсекші бағдарлама болсақ, медиа тұлғалар тұралы бар білетінімді қосар болсам, бағдарлама мүлдем басқаша болар еді», – дейді Әділ Лиян желідегі жазбасында.
Бұдан бөлек, танымал продюсер арнаның Есентаевтар отбасында орын алған шулы оқиға туралы бірде бір жалған ақпарат таратпағанын жеткізді.
«Баян мәлімдеме жасап, инстаграмына жазба қалдыра бастағаннан кейін ғана біз бұл туралы айта бастадық. Өзім Баянды сыйлағандықтан да, біз әркез оған қатысты әдептілікті сақтадық. Мен үшін достық бірінші орында. Осы күнге дейін бір ауыз өтірік қосқан жоқпыз. Ал сіздің «Жоқ, отбасыма қатысты пікір білдіргім келмейді, анама қатысты да, әкеме қатысты да пікір бермеймін» деген сөздеріңізді әдейі қостық. Көрерменге «әртістің жеке өміріне қол сұғудың қажеті жоқ» дегенді жеткізу үшін. Бұл пікіріңізден оғаш ештеңе көріп тұрған жоқпын.
Сондай-ақ, сіз бірнеше рет емес, тек бір рет қоңырау шалғансыз. Ал журналист түсірілім алаңында жүргендіктен жауап бере алмаған. Бізді сотқа беремін деп қорқытудың қажеті жоқ, өйткені сіз камераға қарап тұрып бәрін өз аузыңызбен айттыңыз. Менің командама жала жауып, масқаралауыңызға жол бермеймін. Себебі Ревю журналистері ешкімнің абыройына нұқсан келтірмей, материалға қалай адал қол жеткізу керектігін жақсы біледі», – деп жалғады сөзін Әділ Лиян
Сөз соңында продюсер аталған жазбаға дейін Есентаевтар отбасымен достық, серіктестік қарым-қатынаста болғанын айтып өтті. Сондай-ақ, Айсәулені эфирден көрсеткені үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта мұның қайталанбайтынын жеткізді.
Есте болса, Айсәуле Бақытбек өз өтінішін аяқсыз қалдырған журналистерге ашуланған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Балғынбек Имашев әйелді жазалау үшін ерлерді «тоқал» алуға шақырды
Айдана Меденова алғаш рет ата-енесінің өзін қалай қабылдағанын айтты
Алтынбек Рахметов “қолжетімді” болып кеткен жұлдыздарды сынап тастады
Баян Есентаева жаңа сүйіктісінің қандай тағам ұнататынын айтты (фото)