Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Әділ болмады, өтірік” деп сұхбат берді: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбекованы ұзақ уақыт кешіре алмаған

Бағым Мұхитденова өзін қатты ренжігенін айтты

Фото: Видеодан скрин/Іnstagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал продюсер Бағым Мұхитденова Аман Тасығанға берген сұхбатында KeshYou тобының қыздары өзін бірнеше рет ренжіткенін айтты. Продюсер себебін де жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бағым Мұхитденова адамдар оның сырт келбетіне қарап қатты қателесетінін, шын мәнінде өзінің сезімтал жан екенін айтты. 

“Қазір қыздармен жұмыс істеу қиын емес. Бұрын қатты қиналатынмын. Сыртымнан көрген адамдар мені ашушаң, зұлым деп ойлайды. Шын мәнінде, олай емес. Мен өте мейрімді, сезімтал, шығармашыл адаммын. Мені өкпелетсе мен ренжимін, шын жүрегіммен алаңдаймын, жылаймын. Шығармашылықта мен қатал бола алмаймын. Қыздар топтан кеткенде, ренжітсе, көңілге келетін сұхбат берсе қатты қиналамын. Жиі өтірік айтады. Сол сәтте мен тек күтетінмін. Бірақ соңында олар өздерінің қателескенін айтып, шын жүреткен кешірім сұрап келеді. 

Продюсер өзінің ренішті тез ұмытып, қателікті кешіре салатын адамдардың қатарында емес екенін айтты.

“Менің осындай қаман қасиетім бар. Меніңше, кешіре алатын адамдар әулие сияқты. Өте ұзақ өкпелеймін. Мүлдем кешірмеймін деп айтпаймын, бірақ 10 жыл өкпелеп жүруім мүмкін. Мөлдір Әуелбекованы ұзақ уақыт кешіре алмай жүрдім. Қазір бәрі жақсы, араласып тұрамыз. Оның тарапынан “әділ болмады, өтірік” деген сарындағы сұхбаттар көп болды. Сол үшін қатты өкпеледім. Ең бірінші топтан кеткен де Мөлдір болды, қатты жаныма батты. Түнімен жылайтын едім”, – дейді Бағым Мұхитденова.

STAN.KZ
Жексенбі, 13 Шілде, 2025 21:02
Талқылау