“Әдейі өткізбей отыр”: Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында тағы да ұзын-сонар кезек пайда болды
Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Құрбан айт қарсаңында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарадағы "Қапланбек" және "Навои" өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезектер қалыптасты. Шекарада үздеген көлік жиналып, азаматтар бір тәуліктен бері шекарадан өте алмай тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өзбекстан азаматтары әлеуметтік желілерде қазақстандық тарап шекара бекетінен әдейі өткізбей отыр деп айыптады.
Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті жағдайға қатысты түсіндірді.
"Қапланбек" автомобиль өткізу бекетінде көрші елдер азаматтарының Құрбан айт мейрамына орай жаппай елге оралуы нәтижесінде көлік саны артты", – деп түсініктеме берді.
Азаматтар күннің ыстығы, дәретханалар мен ауыз судың жоқтығы жағдайды одан әрі қиындатып жатқанын айтады. Сонымен қатар, пара алып, кезексіз өткізіп жіберуді ұсынатын "көмекшілер" де пайда болған.
"Кеше балалармен бірге "Қапланбек" арқылы өтпек болдық. Қазақстан жағындағы әдейі жасалған кезек кесірінен көліктерді арнайы тұрақа бағыттап, нөмір алып келуді талап етті. Қақпасының алдында 20 шақты көлік тұрды. Бізге таңға дейін өте алмайсыңдар депайтты", – деп жазады Өзбекстан азамты.
Қазақстан мен Ресей шекарасы жолындағы жол апатынан 6 шетел азаматы көз жұмды
"Ата-анамызды көруге, туыстарға баруға мәжбүрміз. Бірақ шекарада үнемі бір бейберекетсіздік. Терезеде отыратын қызметкерлер де жоқ, ешкім нақты жауап бермейді", – деп шағымданды.
Мемлекеттік кірістер комитеті екі елдің мемлекеттік органдары жағдайды реттеу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Алайда, шекарада ұзақ уақыт тұрып қалу қаупі әлі де жоғары.
Айта кетейік, "Жібек жолы" мен "Гишт-Куприк" өткізу бекеттерінде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоспар бойынша жөндеу маусымда аяқталуы керек еді, алайда әлі нақты ақпарат жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу бекеті 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін уақытша жабылғанын мәлімдеген.

Қай айларда шетелге саяхаттау арзан
