Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әдейі істеген: Әріптестері Дәурен мен Ақботаның әрекетін сынға алды

Дәурен мен Ақботаның махаббат хикаясы, қоғам арасында қызу талқылана бермек. Атышулы жұпқа отандық өнер жұлдыздарының да айтары бар. Өзге әріптестері олар туралы не дейді?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Көңіл жарастырып, жүрек қалауымен бас құраған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ел аузына еріксіз ілікен еді. Атышулы жұп, көп созбай ақыры ажырасып тынды. Алайда, экс-жұбайлар арасы әлі де үзілмек емес. Режиссер Жеңісхан Момышевтың дәл осындай ғашықтарға өз айтары бар.

“Кешірімді болып, кездесіп, бір-бірін кешіріп қосылғанмен ертең қайта кетіп қалады. Сондықтан, уақыт тығыз, уақыт алтын, егер бірнәрсе болмай жатса, жібере салу керек”, – дейді режиссер Жеңісхан Момышев.

Әріптесі Ақбота сынды, ажырасқан жігітке тұрмысқа шыққан Айдана Меденова болса, қалың жұртшылық арасынан туындаған қызығушылықа еш ренжудің қажеті жоқ дейді. Пікірінше, жел тұрмаса, шөптің басы қозмалмайды.

“Мүмкін, өзінің әдейі істеген жоспары шығар. Меніңше өз жеке өмірін көрсетпеймін деген адам ол, барынша жасырады оны. Енді халықтың адамы болғаннан кейін, бәріне қызық оның барлығы”, – дейді Айдана Меденова.

Бұған дейін, Ақбота да, Дәурен де қарым-қатынастарының соңғы нүктесін әлуметтік желідегі жазба арқылы қойған болатын. Әнші, Мәдина Сәдуақасова мұндайда жеке өмірді халық  назарына ұсынбау керек дейді.

“Мен ашулансам, ренжісем өзіне звондап айта саламын. Мен оны инстаграмға салып не істеймін, сыртынан басқа адамдарды қосып”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Бұдан былай Дәурен де, Ақбота да әріптестерінің кеңесіне құлақ түреді деген үміттеміз.

Жіберіп алмаңыз:

Ақботаны сүйемін: Жұрттың сынынан шаршаған Айдарқұлов бар шындықты жайып салды

Әлішер Кәрімов “пиар үшін қалыңдығын көрсетті” деп сынағандарға жауап берді

Жазира Байырбекованың болашақ келіні әншіден өзін ұзатып беруін сұраған

Бүркіт жары Аишаның үшінші перзентіне жүкті екенін айтып, елден сүйінші сұрады

Талқылау