Адамзат дүниежүзілік апатқа он секундқа жақындады - Ғалымдар
Адамзат дүниежүзілік апатқа он секунд жақындады. АҚШ-та қиямет сағатының тілі қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Жыл сайын арнайы комиссия шешім қабылдайды. Комиссия құрамында Нобель сыйлығын алған ғалымдар бар. Ғалымдардың пікірінше, сағат тілі түн ортасына неғұрлым жақын уақытты көрсетсе, соғұрлым қауіп басым. Сонымен бірге олар әлемдегі геосаяси жағдайды, биологиялық қауіптер мен климаттың өзгеруін қарастырады.
Биыл сағат тілі 10 секундқа жылжыды, енді ол түн ортасына 90 секунд деген уақытты көрсетеді. Бұрын-соңды сағат тілі мұндай көрсеткішті қоймаған, яғни қазіргі таңда адамзат қыл үстінде тұр, деп топшылады Нобель сыйлығының лауреаттары.
Сағатты 1947 жылы бір топ физиктер ойлап тапты, олардың арасында Альберт Эйнштейн мен Роберт Оппенгеймер болды. Сағат тілі осыған дейін тек 25 рет қозғалды. Сағат тілінің алға жылжуына Украинадағы соғыс пен бірден екі атом электр станциясы — Чернобыль және Запорожьеде ядролық реакторларының болуы әсер етті.
Осыған дейін АҚШ-та “қиямет күні” сағат тілі ауысатыны хабарланды.