Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Денесі табылған": СІМ Оңтүстік Кореяда өрттен кейін жоғалған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

Фото: depositphotos.com

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев 10 наурызда өткен брифингте Оңтүстік Кореяда қазақстандық азаматтың жоғалып кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мэндон-мен қаласындағы зауытта болған өрттен кейін қазақстандық азаматтың жоғалғаны белгілі болды. Оның айтуынша, сараптама нәтижелері әзірге алынған жоқ.

"Қалдықтар табылып, сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысын әлі алған жоқпыз", – деді Жетібаев.



Жетібаев Корей тарапы тиісті ақпарат берген бойда, жаңартылған мәліметтер хабарланатынын жеткізді.

Еске салайық, ақпан айының басында Оңтүстік Кореяның бір қаласындағы зауытта болған ірі өрттен кейін Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы хабарланған еді. Бұл жағдайды сыртқы істер министрлігі ерекше бақылауға алған.

Айта кетейік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар ақпан айының соңына дейін айыппұлға ілікпей, қайта кіруге тыйым алмай, елден ерікті түрде шыға алатынын мәлімдеген еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 20:19