"Адами қасиетке жатпайды": Қайрат Нұртастың арт-директоры жұлдыздың неге ән айта алмай қалғанын түсіндірді

Қайрат Нұртастың көмекшісі кең таралған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме жасап. 

Сахнада сарсаңға түсіп, елдің көзінше ән айта алмай қалған Қарат Нұртасты желідегілер сөз еткен. Парақшаларда тез тараған бейнежазба туралы өнер иесінің арт-директоры Мира Келімбетова айтып берді. Оның пікірінше бұл іс Қайрат Нұртасты қаралап, жаманатты қылу мақсатында жасалған.

"Шынымды айтсам, мұндайға қатысты пікір білдіргім де келмейді. Бір қаскөйлер оның атын қаралағысы келеді, бірақ оған бола көңілімізді түсірмейміз. Құдай көріп тұр. Қайрат осыған дейін жанды дауыста ән салған да, салып жүр де, салады да. Біреулер хайпты ақшаға, ал біз тегін жасаймыз", - дейді Мира Келімбетова.

Әншінің бейнежазбасын көрген Сәкен Майғазиев пікір білдіруге асықты. Бұл кез келген өнер  иесінің басынан өтеді, не халықты, не өзіңді естімей қалатын да сәттер болады дейді ол. Қайрат Нұртастың жанды дауыста әнді керемет айтатынын білетін Майғазиев осылайша өнер иесін жақтап шыққан.

"Мұндай жағдай бес-алты жыл бұрын Витастың өмірінде болған. Оны да біреулер дәл осылай жазғырған. Негізі фонограммамен аппаратураның мүмкіншілігі аз кезде айтады, кейде телевизиялық бағдарламалардың өз талабы мен өтініші бойынша. Қайроштың жанды дауыста ән айта алатынын барлығы біледі. Бірақ сол бір жағдайда сонша сеніп отырғызған дыбыс режиссерлерінің сатқындығы деп айтуға болады", - деп пікір білдірді Сәкен Майғазиев.

Сәкен Майғазиев бұл жағдайға қай жағынан алып қарасақ та, дыбыс режиссерлері кінәлі дейді. Егер олар қасақана видео жасамаса бұлай болмас еді. Ал ондайы бар, техниканы дұрыстап, Қайратқа жанды дауыста ән айтуға мүмкіндік берген жөн деп ашуланды ол.

"Қайратты әріптесім болғандықтан жақтағаным емес, ондай жағдай кез келген кәсіби әншінің басынан өтуі мүмкін. Себебі алдыңғы монитор дыбысы қатты болған кезде нотадан ауытқу жағдайлары әбден болуы заңдылық. Техникалық райдерде айтылатын әннің барлық жағдайы қарастырылады. Бұл негізінен дыбыс режиссерлерінің қатесі, егер барлық талаптары қарастырылып, техника 100 пайызға дайын болса, Қайрат әнді жақсы орындап шыға алады. Мұны музыкадан сауаты бар адам біледі. Сол себепті дыбыс режиссерлерінің микрофонға жазылған дауысты қасақана видеомен қосып, таратуы адами қасиетке жатпайды. Бәрі де мүмкін", - дейді Сәкен Майғазиев.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр