Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамгершілік хақындағы 10 әсерлі жағдай (фото)

Әрбір жасалған қайырымды іс жер бетіндегі жақсылықтың ауқымын кеңейте түседі. Адамдардың бір жасаған жақсы әрекеті бұл әлемге жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Бұл тұрғыда кез-келген іс ескерусіз қалмақ емес.

8827915-650-1461157683-collage2

Австралиялық полицей жетім қалған кенгуруды паналатқан.

8828215-650-1461157683-collage

Офицер Мэйсон кішкентай кенгуруды Австралияның батысынан тауып алған. Оның анасын көлік басып кеткен екен. Әзірге жануар жаңа жерге бейімделу үстінде.

Ер адам қартайып қалған жануарларды асырайды.

1212

Стив Грейгтің жануарларға деген құрметі ерекше. Ол қартайып, ауырып қалған жануарларды асырап, бағады. Қазіргі кезде 10 кәрі иті және бірнеше тауық, үйрек, мысық сынды үй жануарларын паналатып отыр.

Хью Джекман Австралияда жағалауда адамдарды құтқарады.

8828415-650-1461157683-654

Австралиялық актер Хью Джекман Сиднейдегі жағалауда адамдарды құтқарады. Ол алғашқыда қатты толқыннан бейтаныс қызды сақтап қалған.

Әйел соқыр иттерге арналған құрылғы ойлап тапты.

8827915-650-1461157683-collage2

Сильвия Бордода көзі көрмейтін Маффин атты ит бар. Әйел жасап берген құрылғы итті басын бөтен затқа ұрып алудан, жолдан шығып кетуден сақтайды. Енді әйел бұл өнертапқыштық жетістігін алдағы уақытта дамыта түспек.

Әжей метродағы қызуқанды жолаушыны сабырға шақырды.

8828115-650-1461157683-womansubway2

Ер адам вагонда ашуланып, айқайлап, тынышсыздана бастады. Барлығы жақтырмай қараған. Тек 70 жастағы егде әйел орнынан тұрып, ашулы ер адамды тыныштандыруға көмектесті. “Менің де осы жігіттің жасындағы ұлдарым бар. Кейде өмірдің қиындығы адамды осындай күйге де түсіретінін мен жақсы білемін”, – деген әже.

Дәрігер итпен бірге тамақтанып, оны құтқарды.

8828315-650-1461157683-12715995_1011187505604356_8080555181202562191_o

Грейси атты ит тамақ ішпей қойып, оны бұл жағдайдан құтқаруға ешкімнің жүрегі дауаламаған. Тек мал дәрігері болып істейтін Энди Матис оның сеніміне қалай кіруді білген. Ол торға кіріп алдына ас қойып, қарама-қарсы отырып алып итпен бірге тамақтана бастаған. Ит те біртіндеп батылданып, тамақ жей бастайды. Ол осы режимге бейімделіп, әрі қарай өмір сүріп кеткен.

Леонардо Ди Каприо Суматрадағы сирек кездесетін пілдерді сақтауға көмектесті.

ыыйф

Леонардо Ди Каприоның қоршаған ортаға әркез жанашырлық танытатынын білеміз. Бұл жолы актер Суматра аралындағы пілдерге көмек қолын созды.

Дизайнер 3500 ұя жасап шықты.

8827965-650-1461157683-collage1

Дат дизайнері Томас дамбо соңғы 7 жылда 3500 қараторғай ұясын жасаған. Бұл қала мен дала кезген құстардың паналауына мүмкіндік бермек.

Жұмысшылар түлкіге арнап торт пісірді.

8828365-650-1461157683-7452803-1

Бұл ақ түлкі “Роев ручей” паркінде өмір сүреді. Оның туған күнінде парк қызметкерлері арнайы торт дайындаған. Бұған жануар да ерекше риза болған.

Өз жұмысын сүйетін әйел.

8828015-650-1461157683-KMO_142301_00032_1h

Ресейдің қарт дәрігері Алла Левушкинаның жасы 87-де. Бірақ, әлі күнге зейнеткерлікке асықпай, жылына жүздеген операцияларды жасап жүр. Бір жетістігі – ол ота жасаған емделушілердің ешқайсысы көз жұмбаған.

Талқылау