"Адамдардың өмірін жеңілдеткіміз келеді": JAC компаниясы логотипі мен философиясын өзгертті
Фото: Павел Шамин
Қытайлық JAC компаниясы логотипін жаңартып, даму бағытын өзгертті. Енді брендтің басты мақсаты — жұмыс процесін барынша жеңіл етіп, тұтынушыларына жақын болу. Компания ребрендингке арналған іс-шарасында жаңа логотипі мен автокөлік үлгілерін таныстырды.
JAC компаниясы жаңа стильге ауысты. 2D стилінде жасалған логотипінде ешқандай артық элемент жоқ. Мәселен, бұрынғы нұсқада болған доғал сызықты алып тастаған. Себебі компания логотипін барынша қарапайым, жеңіл әрі замануи жасауды жөн санапты. Компанияның маркетинг департаментінің директоры Нариман Бектуровтың айтуынша, жалпы белгінің, оның әр әріпінің астарында терең мән-мағына жатыр. Мысалы, логотипке Қытайдағы әйгілі Уань Шань тауы негіз болған екен. Бұл тау — шының, күш-жігер мен рухани төзімнің символы. Осылай, JAC бренді өз жолында кездесетін кедергілерге қарамастан, дамып, жаңа белестерге ұмтылатынын көрсеткісі келеді.
“JAC cөзі ағылшын тіліндегі “Journey of Adventure in Creation”, яғни "шығармашылық пен жаңашылдыққа толы жол" деген мағынаға ие. Ал логотипіміздегі әр әріптің өз мәні бар. J — биікке ұмтылу мен еркіндіктің белгісі. A әрпі Қытай мәдениетіндегі амандасу белгісіне ұқсайды. Ал бұл – сенім мен сыйластықты символы. C — жаңашылдық пен технологияны, тұтынушыға бағытталған ыңғайлы шешімдерді білдіреді. Жаңа логотип осы үш мағынаны біріктіре отырып, JAC компаниясының қазіргі көзқарасын көрсетеді: қарапайым, сенімді, заманауи және азаматтарға жақын болу”, – дейді компанияның маркетинг департаментінің директоры Нариман Бектуров.
Фото: Павел Шамин
JAC бренді ребрендинг жариялап, тек сыртқы келбетін ғана емес, ішкі мазмұнын да жаңартты. Компания жұмыс жүйесін жеңілдетіп, клиентпен байланысты ыңғайлы етеді. Енді автокөлік таңдау да, қызмет алу да — бәрі оңай, қарапайым, анық әрі сенімді болмақ.
“Қазіргі қарбалас өмір онсызда көптеген қиындыққа толы. Сол себепті біз өмірді жеңілдеткіміз келеді. Отбасы, жақындарыңа қамқор болу – бізді еркін ететін дүниелер. Сол сияқты біз тұтынушыларға процесімізді, визуал коммуникациямызды түсінікті, қарапайым еттік”, – дейді Нариман Бектуров.
Жаңа логотиппен бірге – жаңа үлгілер
Сонымен қатар компания автокөліктердің жаңа үлгілерін шығарып жатыр. Енді автосалондарда жаңа логотипін бейнеленген JAC J7 көлігін көруге, сатып алуға болады. Оған қоса жақында JAC JS8 моделі де жаңа логотиппен сатыла бастайды.
Фото: Павел Шамин
JAC бренді Volkswagen Group компаниясымен бірлесіп жасаған көліктерін техника жағынан қарапайым, бірақ қуатты әрі сапалы етіп жатыр. Сонымен қатар, енді Қазақстанда сатылатын JAC көліктерінің нұсқалары азайтылды. Бұл көлікті сатып алатын адамға таңдауды жеңілдетеді. Артық опциялар мен түсініксіз қызметтерден шатаспауға көмектеседі.
JAC компаниясы көлік бағасын да қайта қарап жатыр. Бренд қазақстандық азаматтарға көліктерін тиімді бағада, әділ әрі түсінікті шарт бойынша ұсынғысы келеді.
Фото: Павел Шамин
Айта кету керек, JAC бренді Қытайда 1964 жылы құрылған. Бүгінде компания әлемнің 130-дан астам елде істейді. JAC Қазақстан нарығында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2024 жылы Қазақстанда ең көп сатылған бес көліктің бірі болды. Ал осы жылы JAC-тың қазақстандық өкілдігі Қытайдағы халықаралық конференцияда "Ең үздік дистрибьютор" атанды. Бренд елімізде лифтбэк J7, JS кроссоверлері және Т сериялы пикаптарымен танымал.
Фото: JAC компаниясы

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
