Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдар сұрақтарына еркін жауап ала алады: Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығы іске қосылды

Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығы ашылды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Денсаулық сақтау министрлігі енді халықтың барлық сұрағына жауап беріп, арыз-шағымдар бойынша белсенді түрде жұмыс жасайтын болады. 

"Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығы іске қосылды. Оның негізгі міндеті қоғаммен, ақпарат құралдарымен, билікпен арадағы байланысты нығайту. Министрліктің атына келіп түсетін арыз-шағымға жеке жауап беруге дайынбыз. Біздің мақсатымыз министрліктің ішкі және сыртқы байланысын дамыту. Біз денсаулық сақтау министрлігі арқылы халықтың үнін тыңдайтын мемлекет үлгісін көрсеткіміз келеді", - дейді Қожахметов. 

Талқылау