Адамдар құлпынайдың ішіндегі кішкентай дернәсілдерге байланысты оны жеуден бас тартты
TikTok-та блогерлер құлпынайды неліктен мұқият жуу керек екендігін айтып, видео түсіруде. Осылайша, lavender...lush есімді желі қолданушысы құлпынайды тұзды суға салып, бірнеше минутқа қалдырып қойсаңыз, одан жемістегі кішкентай дернәсілдердің шығып жатқанын көруге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеодағы құрттарды көрген желі қолданушылар үрейленді. Осындай тіршілік иелерінің құлпынай ішінде өмір сүре алатындығына таң қалды. Әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары бұл видеоны көргеннен кейін ойларын өзгерткендерін және бұл жидектерді бұдан былай ешқашан жемеуге уәде беретіндерін айтты.
Дегенмен, мұндай жаңалық бәріне бірдей ұнай қоймады. Пайдаланушылар дернәсілдерді тұтыну иммунитетті күшейте алады деп сенді. Олардың біреуі "артық ақуыз" деп те атады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”