Адамдар көлікті шығармақ болған: Қарағанды облысында көлік өзенге құлап кетіп, екі адам мерт болды
Қарағанды – Қарқаралы тас жолында көлік өзенге құлап, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
видеодан скриншот
Қарағанды облысының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 шілде күні кешке сағат 18.15 шамасында тас жолдың 34-ші шақырымында болған.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрда құтқарушылар келгенге дейін көлік жүргізушілерінің өз бетімен көлікті судан шығаруға әрекеттенгені көрінеді. Адамдар жиналып, көлікті арқанның көмегімен судан шығармақ болған.
- "Күшпен автобустан шығарып алды": Алматыда жасөспірім балалар педофилді ұстады
- Солтүстік Қазақстан облысында ер адам 9 жастағы баланың мойнына арқан тағып, ағашқа байлап қойған
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, Audi-80 көлігін 56 жастағы жүргізуші басқарып келе жатып, өзенге құлап кеткен.
Алдын ала болжам бойынша, ол рульді басқара алмай, құйынды өзенге аударылып кеткен.
"Жол апаты салдарынан 70 және 56 жастағы жолаушылар оқиға орнында қайтыс болды. Көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факті полицияда тіркеліп, қорытындысы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, оның ішінде процессуалдық шешімдер қабылданады", – деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ДПД баспасөз қызметі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
