Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар балконнан қарап тұрды": Павлодарда әйел өзіне ит шабуылдағанда қалай аман қалғанын айтты

Павлодарлық әйелге ит шабуылдап, оқиғаға куәгерлердің бірі де оған көмектеспегенін айтады. Қабаған иттің құрбанына айналған әйелді полиция аға лейтенанты құтқарып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz басылымына сілтеме беріп.

Қабаған ит/ ашық дереккөз

Павлодар тұрғыны Оксана Бород оқиға жазда болғанын, бірақ жақында ғана ол өзін құтқарған ер адамның аты-жөнін білгенін айтты. Сондай-ақ ол айқайына әрекет етпеген адамдардың немқұрайлылығы туралы атап өткен.

Оксана Бород сол күнді қорқынышты түс сияқты еске алады, әлі күнге дейін өзінің “тірі екеніне” сенбейді.

“Өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы көмектеспеді. Кейбір адамдар балконнан не болып жатқанын қарап тұрды”, – дейді ол.

Айтуынша, сол күні әдеттегідей өз итімен серуендетуге шыққан.

“Не болғанын бірден түсінбедім. Біреу мені қағып кетті, мен жерге құладым, содан кейін ғана ит маған қарай жүгіргенін түсіндім. Ол қолыма, содан кейін аяғыма жабысып алды. Ол менің буындарымды тістеп, аяғым мен қолымды қапты. Мен де, менің итім де зардап шекті. Мен айқайлап, адамдарды көмекке шақырдым. Бір жігіт менің айқайыма келіп, итті ұрып, құтқара бастады. Түк түсінбедім, бәрі тұман сияқты. Өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, жігіт маған көмектесті. Егер ол болмаса, мен тірі болмас едім! Осы оқиғадан кейін мен әлі күнге дейін өз-өзіме келудемін. Жақында ғана мен құтқарушымды таптым. Тек сотта ғана Бейбіттің полиция қызметкері екенін білдім. Бейбіт Жақыповқа ерлігі мен батылдығы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, – деп Оксана Бород өзінің алғыс хатында.

Полиция қызметкері Бейбіт Жақыпов тез киініп, өзімен бірге көліктің кілтін алып, көшеге шығып кеткен екен. Жолда ол жерде жатқан таяқты ала жүгірген.

“Менің көлігім ауладағы тұраққа қойылған, оған отырып , оқиға болып жатқан үйге бет алдым. Жақындай келе иттің назарын аудару үшін сигнал бере бастадым, бірақ төбет тіпті назарын да аудармады. Жүгіріп барып, таяқпен итті қуа жөнелдім. Әйелге көтерілуге көмектесіп, оны итімен бірге көлікке отырғыздым. Ашуланған төбет иттің мұрнының алдына есікті әрең жауып үлгердім. Оны таяқпен қуып шығаруды жалғастыра отырып, көлікке өзім де отырып, 102-ге хабарладым. Әйелге медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткіздім, өйткені иттің тістерінен алынған қол мен аяқтардағы жаралар өте терең болды, ол көп қан жоғалтты”, – деді Бейбіт.

Айта кетейік, жеке аумақта тіркеусіз жүрген, көшеге шығып кеткен иттің иесі сол күні ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша жауапқа тартылған. Сондай-ақ, зардап шегуші моральдық зиянды өтеу үшін сотқа жүгінді.

 

STAN.KZ
Жексенбі, 13 Ақпан, 2022 07:19
Талқылау