Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам шошырлық жағдай: Ата-анасы сәбилерін кір машинасының ішіне салып “тербетті”

Францияның Перпиньян қаласында кішкентай балаларын кір машинасына салып тербеткен жас жұбайларға айып тағылды.

photo_210530 Бұл туралы The Local хабарлайды. Отағасының айтуынша, ол сәбиін бесікте тербеткендей тербетіп көргісі келіпті. 1 жас 3 ай толған бала алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгеннен кейін, тексеру басталып кеткен. 19 жастағы анасы қыз бала ойнап жүріп құлап қалды деген. Алайда дәрігерлер оның айтқанына сенбей, полицияға хабар береді. Кейін тергеушілер 22 жастағы күйеу жігіттен сұрау алып, ол баланы кір машинасына салғанын мойындайды. Ер адамның айтуынша, ол сәбиді кір машинасының ішіне жатқызып, сосын қолымен тербете бастапты. Кейінірек анасы да оқиғаның көз алдында болғанын, бірақ кедергі жасамағанын айтып мойындапты. Әйелдің айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі оны өлтіремін деп қорқытқан соң еш қарсылық көрсете алмаған. Қазіргі таңда бала зардап шегуші бала отбасыдан алынып, қамқорлық органдарының қолына өтті. Ер адамға балаға дөрекі түрде қарап, отбасылық зорлық жасағаны үшін айып тағылды. Ал әйел болса, жағдайды көре тұра еш қарсылық жасамағаны үшін кінәлі деп танылды. Оқи отырыңыз: Қытайда салмағы 6,7 келі болатын алып бала өмірге келді Ұшақ жолаушысының құлаққабы жарылып кетті Өзбекстанда анализ тапсырған ер адам жүкті болып шыққан Америка тұрғыны аяқ киім пішініндегі үй тұрғызды (фото)
Талқылау