Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда анализ тапсырған ер адам жүкті болып шыққан

Бұл жағдай өткен аптаның соңында Өзбекстан астанасындағы Мирзо-Ұлықбек ауданындағы емханалардың бірінде болған. Анализ тапсырған ер адам күтпеген нәтиже алған.

1489333047_gerpes-pri-grudnom-vskarmlivanii-lechenie

Бұл туралы Nuz.uz хабарлайды.

Мирзо-Ұлықбек ауданының тұрғыны қан мен дәрет анализін тапсырады. Ал нәтижесін алуға келген кезде таңырқап тұрып қалады. Онда ер адамның жүкті екені көрсетілген.

“Бірінші ойыма келгені: “Кімнен? Әйелімнен бе?” болды. Мен олардан қайта тексеруді сұрадым. Мүмкін аты-жөнімді шатастырып алған болар. Алайда олар қателеспегендерін айтты. “”Сіздің фамилияңыз демек, қорытынды да сіздікі. Министрлік қателеспейді. Сау болыңыз” деп айтты”, – дейді ол.

Ол емханаға бірнеше рет келіп, анализ туралы дәрігерлерден сұрағанымен олар барлығының дұрыс екенін айтып бетбақтырмай қояды. Тіпті мазалағаны үшін жігіттің өзін кінәлайды.

Алайда ақырында жоғалған қорытынды өзінің нақты адамын табады. Белгілі болғандай, сол күні өте көп жүкті әйел анализ тапсырған екен. Емхана қызметкерлері ер адаммен қорытынды қағазы ауысып кеткен қызды тапқан. Дәрігерлер мұндай олқылықтың қалай кетіп қалғанын өздері түсіне алмай жатқан көрінеді.

Талқылау