Адам көргісіз күйдегі ауру ит қалайша сау итке айналды
2015 жылы сәуір айында Афинада тұрғыны барлық жері түлеп, адам көргісіз кейіптегі қараусыз қалған итті көрген. Оны суретке түсіріп, оған көмектесетін адам іздеу үшін Facebook желісіне жариялаған.
5 жастағы Петра (грек тілінде «тас» деген мағынаны білдіреді) бұрын-соңды адам арасында жүрмеген секілді. Өйткені, оның жабайылығы сонша оның қасына бару мүмкін болмайтын. Оны қолға үйрету өте қиын болған. Алайда, адамдар дегенін істеді.
Итті қалайда ұстап алып, Оропостағы ит асырайтын орынға апарған. Ол жерде итті Валя Орфанидоу қабылдап, оны емдеу керегін түсінген.
Петра нашар күйде болған. Оның терісі қотырланып, одан лейшманиоз ауруы байқалған. Оны емдей бастағаның өзінде ит әбден қиналған.
Алайда, оны емдеу келе ит өзін сергек сезіне бастайды. Ол үйшігінен шығып, ары-бері жүріп, тіпті, адамдардың жанында еркін тұра алатын болған.
Орфанидоу Петрадан еш көңілі қалған емес. Сөйтіп, ол мүлде өзге итке айналды.
Қазірде оны көрген адам қатты таң қалады. Беті қотырдан қатпарланып кеткен ауру ит бар дертінен айығып сау итке айналды.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
