AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам кейпіндегі періштем": Фариза Төреәлі жолдасына сезімін білдірді

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі жолдасына деген сезімін білдірді. Ол өзіне қолдау көрсетіп, арқау болған азаматын көке көтерді. 

Фариза Төреәлі жолдасы Дархан Нортаевқа алғысын айтып, оны кездеcтіргені үшін бақытты екенін жеткізді. Әншінің қарындасы сүйіктісімен бірге өсіп, бірге әлемді тануға ұмтылған. 

“Алла маған сый етіп берген жарымды - адам кейпіндегі періштем деп теңегім келеді. Оның аппақ көңілі, кіршіксіз маған деген сезімі, шынайы қамқорлығы, тең келмес қолдауы, нұрлы жүзі мен адал махаббаты жүрегімді жылытып, көңілімді жұбатады. Оның жанында мен шынайымын, өз адамың екенін білуге осы сезім-ақ жеткілікті”,  деп жазды.

Фариза сүйіктісі екеуінің өмірлік ұстанымдары мен көзқарасын айтты. Өзгелерді сезімді білдіруге арланбауға шақырды.

“Біздің қағида:

- өмірді жеңіл сүру
- бірге өмірді тану
- өсу, даму, ұмтылу
- әр сәттен рахат алу
- түсіністік
- қолдау, сенім білдіру

Реніш, өкпе, ыза, ашу дегеннің бәрін ысырыңыз, оған уақыт жоқ. Дәл қазір барып сүйіктіңізге деген сезімдеріңізді айтыңыз. Бұл өмір - махаббатпен көркем”, – деп жазды Фариза. 

Желідегі оқырмандары бұл жұпқа қызыға да, сүйсіне қарады.

“Аллам маған да бұйыртсын сондай жарды”, “Көпшілікпен бірге тұрсаңыз, бұл қағидаңның біреуі де болмайды”, “Тіл-көзден аман болыңдар”, “Қандай әдемі жұп”, “Қазір бәрі ақылды”, “Сүйіктіңізге сезіміңізді айтудан арланбаңыз“, “Сіздерге қызығамын”, – деп жазды олар. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр