Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Әбу-Даби Плаза” оқиғасынан соң Үндістанның 60 азаматы елден шығарылатын болды

Астанада қала басшылығы БАӘ төтенше және өкілетті елшісімен, сондай-ақ, "Әбу-Даби Плазада" құрылысты жүргізуші басты компания "Arabtec Holding PJSC" басшылығымен кездесті.

caf880cc-a2b6-4fb8-b84d-b8bbbd05b983-620x348 Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды. Кездесу 2 қыркүйек күні "Әбу-Даби Плаза" құрылыс кешенінде болған жанжалға байланысты ұйымдастырылды. Кездесу барысында компания басшылығы таяу күндері құрылыс алаңындағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 61 шетелдік азаматтың (Үндістан) елден шығарылатынын мәлімдеді. Кездесуде Астана қаласының басшылығы мұндай жағдайдың енді қайталанбауын шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының заңдарын, моральдық-этикалық әдеп нормаларын сақтауларын талап етіп, Қазақстан халқына құрметпен қарау керектігін ескертті. Еске салсақ, 2 қыркүйек күні кешкісін “Абу-Даби Плаза” құрылыс алаңының бақылау-өткізу бекетінде күзет компаниясы қызметкерлері мен Үндістаннан келген жұмысшылар арасында жанжал туындады. Жаппай төбелес салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған. Жаппай төбелестен кейін оқиға орнында қоғамдық тәртіп бұзған 40-тан астам адам полицияға жеткізілді. Олардың сегізі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қалғандары профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен соң босатылды. Оқи отырыңыз: Дін істері министрлігінің лауазымды шенеунігі сотын Астанада өткізуге қарсы шықты Ақтөбеде үйлерді қирата жаздаған тепловоз машинисіне іздеу жарияланды Ақтөбеліктер теңгеге арналған ескерткішке тәу етіп жүр Қазақстанда теміржол билетін арзандату мәселесі қаралуда
Талқылау