"Абу-Даби Плаза" құрылысы басында мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті
"Абу-Даби Плаза" кешенін салу кезінде мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті хабарлады.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 26 қыркүйек күні таңертең мұнаралы кранның қауғасы ғимараттың жоғарғы қабатында сынып, шынжырға ілініп тұрып қалды. Барлық жауапты бөлімшелер оқиға орында. "Кранның бөлігін құрылыс бөлімшелері жөндеуі тиіс. Әдеттегідей, біздің құтқарушыларымыз дайын отыр. Керек болған жағдайда міндетті түрде жұмылдырылады. Бірақ әзірше ешқандай қажеттілік туындаған жоқ", — деді Иманқұлов. Қазіргі таңда комитетке зардап шегушілер туралы ақпарат түспеген. Оқи отырыңыз: Қостанайда көшеде тыржаңалаш жүрген бойжеткен іздестіріліп жатыр Прокурор Альфа банкті тонағандарды 8 жылға қамауды сұрады Ақтөбеде мектеп басшылары сабаққа кіргізбеген соң 13 оқушы қыз орамалын шешті 7 баланың анасы: Күйеуім ұлды алып қалып, қыздарды балалар үйіне өткізуді ұсынды (фото)Талқылау