"Әблязов ісіне" қатысты екі адам Қазақстанға ерікті түрде келді
БТА банкі қаржысын жымқыруға қатысты астыртын еткен екі күдікті өз еріктерімен Қазақстанға келді.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлайды. Халықаралық іздеу салынған БТА Банкінің корпоративті бизнес басқармасының бұрынғы заңгері Максим Хаблов пен Әблязовтың бақылауында болған компаниялардың атаулы басшысы Анар Әбдіхаимова 16 қазан күні Мәскеуден Қазақстанға өз еріктерімен келді. Олар Мұхтар Әблязовтың қылмыстық тобы ұйымдастырған БТА Банкінің ақшалай қаражатын жымқыруға қатысты астыртын әрекет етуге қатысты күдікті болып табылады. Тағы да оқыңыз: Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз? Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты Назарбаев Қырғыз еліндегі сайлауға араласуға қатысты: Мұның бәрі жалған (видео)Талқылау