Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Смановтың ұлы қайтыс болды

Өткен аптада белгілі дін ғалымы, уағызшы Әбдуғаппар Сманов өмірден озды. Смановтар әулеті тағы да қара жамылды. Әбдіжаппар Смановтың ұлы қайтыс болды.

Әбдуғаппар Смановтың ағасы Әбдіжаппар Смановтың ұлы Закария Әбдіжаппарұлы көз жұмды. Бұл ақпаратты Stan.kz ақпарат агенттігіне ҚМДБ растады.

Закария Әбдіжаппарұлы "Таяқты Ишан" мешітінің имамы болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын-той, садақа-астарға, жаназаға бармауға шақырды. 

«Қазақ халқы торқалы той мен топырақты өлімде төбе көрсетуді өзінің міндеті санайды. Тойда тілек айту немесе кісі қайтқанда оған бір уыс топырақ салу – салтымызға сіңген ғұрыптың бірі.

Алайда адамның ғұмыры – Алланың аманаты. Оған адал болу – адамдық борыш. Немқұрайлы қарау – қауіп пен қатерге апарады. Сондықтан елдегі барша жамағатты осы бір қиын кезеңде барынша сақтануға, жиын-тойлар мен садақа астарға мүмкіндігінше бармауға шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

1 шілде күні белгілі дін ғалымы Әбдуғаппар Сманов қайтыс болды. Мыңдаған адам жаназаға жиналып, марқұмды жылап тұрып соңғы сапарға аттанырды

Талқылау