AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа: Біз жақта Қайрат Нұртас, Әбдіжаппарлар қызық емес, шабандоздар қызық

Әбдіжаппар Әлқожа 30 мың адамға қалай көкпар беріп, 500 адамға той жасағанын айтты. Әнші ұлының сүндет тойын өткізіп, көпшіліктің батасын алды. Ерекше тойды өткізу идеясы жайлы айтты.

Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтты. 

Әбдіжаппар Әлқожа жақында ұлан-асыр той жасады. Ұлын сүндетке отырғызып, 30 мың адамға көкпар берді. Артынша 500 адамға той жасады. Ерекше өткен той әлі де ел аузында. 

“Менің мақсатым мақтану емес. Қазақтың дәстүрін жаңғыртып, көкпар сүйер қауымның басын қосу. Көптің ақ батасын алу болды. Қуанышқа келгеннің бәрі ақ тілегін айтты. Бастысы көкпар аман өтсе, ешкім жарақат алмай, тыныш аяқталса деп тіледім. Бәрі ойдағыдай болды. Мен 20 мың адам келеді деп жоспарладым. Одан көп болды. Акуланы шынында да Америкадан алдырдым. Бұл туралы сұрайтындар көп. Біз жақта көкпарға деген қызығушылық басым. Алматыда ондай емес шығар. Біздің өңірде Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа дегендер, әншілер қызық емес. Шабандоздар қызық. Солардың қолына су құйып жүрсе, сол абырой”, – деді әнші. 

Әбдіжаппар Әлқожа бала күнінде ата-анасынан ұрыс естіп, сол арқылы шыңдалғанын мойындайды.

“Жұрттың баласы дегенді бізге де айтқан. Ананың баласы қарбыз егіп жүр, мынаның баласы қауын егіп жүр, жер сатып алыпты деп. Алматыға кеткен көршінің баласы ақша жіберіпті дегенді естіп өстік. Бір жағынан мотивация шығар. Қазақтың баласы болған соң біз де естідік. Алматыға келген жылдары “Көк базарда” жеміс саттым. Сатушы болдым”, – деді әнші. 

Әлқожа бағдарлама барысында сатушының рөлін сомдап ел қошеметіне бөленді. Көпшілік оң бағасын беріп, әншінің актерлік қабілетіне таңғалысып жатыр. 

“Керемет ойнадың, нағыз әртіс екенсің”, “Барлық әртістерден асып түстің, шынайы болды”, “Өнерің өрге жүзсін, табысты бол”, “Актерлік өнерің бар екен, жақсы сатушы екенсің”, – деді хабарласқан көрермен. 

Айта кетейік, бұған дейін Әбдіжаппар Әлқожаның 30 мың адамға көкпар беріп, дүркіретіп той жасағанын жазған едік. Әнші қос ұлын сүндетке отырғызған.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр