Әбдісаттар Сманов: Жол апатынан қайтыс болу суицид жасағанмен тең
Жол апатына түсіп қайтыс болғандардың өлімі суицидпен тең. Белгілі діндар Әбдісаттар Сманов көзі тірісінде уағыздарының бірінде айтқан бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.
“Адам өзін өлтірмеуі керек. Құранда “өздеріңді өлтірмеңдер” деген. Тіпті жол апатынан қайтыс болғандардың өлімі суицидпен тең. Себебі көліктің жылдамдығын асырамыз. 90 км/сағат жылдамдықпен жүру керек жерде 120 км/сағатпен жүреміз. Сосын жол апатына ұшыраймыз. Ескертуді елемейміз. Ескертуді түсініп, сақтанғанда мүмкін жол апаты болмас еді. Егер сақтанып, сақтық шарасын орындаса да, жол апатына түсіп қайтыс болса, онда басқа жағдай. Яғни адамның өзін өлтіру қаупі бар нәрсеге бару да өзін өлтірумен тең. Өздеріңді өлтіруі мүмкін жұмысты да істемеу керек”, – делінген уағыздарының бірінде.
“Салмақты көркем мінез иесі Абдсаттар Сманов ағамызға Аллаһ разы болсын”, “Өлімге өзіңізді атпаңыз" деген жеріне сұрағым бар еді. Мысал үшін ұшақты алсақ: ұшақ құлаған кезде адамның қолынан ештеңе келмейді. Ал бірақ сол ұшаққа отырғаны өзін өлімге жақындатқан болар ма екен? Немесе демалып, тыныстауға тауға шығып, жазатайым құлап немесе суға кетсе қалай болар екен? Яғни осындай жайттар қалай болады екен?”.
- Төрт ұлдың үшеуі Раббысына қайтты: Балғынбек Имашев Смановтар әулетіне өлең арнап елді жылатты
- Әбдіғаппар Смановтың жаназасына жиналған жұрттың әрекеті әнші Айқынға жақпай қалды
“Ілім деген бар, білім деген бар. Екеуін қатар алып жүре алған адам ғана көп нәрсенің ара жігін ажырата алады. Тек ілім жолында кеткен адам көзін байлаулы сияқты кім не айтса сонікі дұрыс деп ойлаумен кетеді”.
“Орта Азия ғалымы Абдсаттар Сманов ағамыз… Аллаһ өз рахымына алсын ұстазды әмин”, “Жақсы кісісіз ғой, менің ойымша! Жатқан жеріңіз жайлы болсын”, “Бұл жерде сақтық шарасын ұстану керек дегенді меңзеп отыр, жол апатына түспеу үшін сақтану керек дегенді айтты”, “Әркім өз деңгейінде түсініп отыр”, “Сақтансаң сақтаймын деген”, – деп жазды желідегілер.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
