Абдель-Азиз: Махачевтің келесі қарсыласы – UFC чемпионы Джек Делла Маддалена
Фото: UFC
Ислам Махачевтің менеджері келесі жекпе-жектің Джек Делла Маддаленаға қарсы өтетінін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сhampionat.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Dominance MMA Management агенттігінің негізін қалаушы әрі бұрынғы жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевтің менеджері Али Абдель-Азиз шәкірті жылдың соңына дейін октагонға шығатынын мәлімдеді. Оның қарсыласы – жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы, австралиялық Джек Делла Маддалена болмақ.
"Жекпе-жекке келісім жасалды және ол өтеді. Мен әрқашан ұйымға құрметпен қараймын, сондықтан артық ақпаратты жарияламаймын – бұл олардың жұмысы. Жыл соңында Австралияда жартылай орта салмақта чемпион болмайды. Джек Исламға өте мықты қарсылас болмақ, алайда Махачевтің оған лайықты қарсылық көрсетуге толық мүмкіндігі бар деп сенемін", – деді Абдель-Азиз Red Corner MMA-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, жартылай орта салмақта қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді.

"Қазақтар тұрмайтын Германияда тіліміз қазақша шықты": Шетелде туып-өскен қазақ жігіті желі қолданушыларын несімен сүйсіндірді
