Абай облысының тұрғыны бір түнде 54 жылқыны ұрлап кеткен
ШҚО-да құны 43 млн теңге болатын 54 жылқыны ұрлаған Абай облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығынан 54 бас ірі қара мал ұрланғаны туралы арыз келіп түскен. Шағымданған азамат сағат 23:00-ден таңертеңгі 6:00 аралығында ауданның бір ауылының еркін жайылымынан белгісіз адам оның таңбаланған бір үйір жылқысын ұрлап кеткенін кеткенін хабарлады.
Сонымен қатар шағымданушы биелердің бірінің мойнында GPS трекері бар екенін айтты, ол құрылғы арқылы жәбірленуші жануардың орналасқан қай жерде екенін тексерген, бірақ құрылғы ажыратылған күйде болған. Келтірілген залал 43 млн теңгеден асады.
Тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісіп, аумақты тексеру үшін тікұшақ пен дрон да жұмылдырылған. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде GPS трекері бар биенің басынан атып өлтірілгені анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Абай облысының бұрын сотталған 46 жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдікті тұратын үйді тексеру және тінту жүргізу кезінде құқық қорғау органдары мал қорасынан заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
Аталған факті бойынша ШҚО ПД ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 4-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.