Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысындағы полигонда әскери қызметкер қаза тапты

Фото: istockphoto.com

Абай облысындағы полигонда әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абай өңірлік гарнизонының мәліметінше, оқиға 5 наурыз күні Абай облысындағы қорғаныс министрлігінің полигонында болған.

Ресми нұсқа бойынша, қайғылы оқиға әскери техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуынан орын алған. Шамамен сағат 09:40-та Семейден 40 шақырым қашықтықтағы Абай тасжолындағы полигонда "КРАЗ" жүк көліктерін сүйреп апару кезінде 1985 жылы туған кіші сержант көліктердің арасында қысылып қалған.

Әскери қызметкерді Семейге ауруханаға алып кетсе де, жол бойында алған жарақаттарынан қаза болған.

Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 05 Наурыз, 2026 20:28