Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тағы да орман өртенді

Абай ауданындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан тағы да өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1 тамызда "Семей орманы" GLPR операторынан Бесқарағай ауданында Дөңгөлек орман жабындысы бар аймақтағы орманды алқапта егін өртенді.

“Өрт шыққан жерге орман шаруашылығынан, облыстық ТЖД 60 адам, 25 бірлік техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, "Казавиаорманқорғау" АҚ "МИ-2" тікұшағы жұмылдырылды. Қазавиақұтқару "МИ-8" тікұшағымен облыс әкімдігі, ТЖД басшылығы аэровизуалды тексеру жүргізді”, – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталып отыр. Ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында.

Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында өрт 7 гектар аумақта оқшауланып, түгелдей сөндірілді.

Еске сала кетейік, 9 маусым күні таңертең өрттің ауданы шамамен 30 мың гектар болды. Алайда кешке оның ауданы 60 мың гектардан асты. Семейде өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. 9 маусым күні кешке президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинға Абай облысына өрт орнына баруды тапсырды. Сонымен бірге 9 маусым күні кешке үш адам қайтыс болғаны белгілі болды. Ақпарат көзінің хабарлауынша, техника жетіспеген, өрт кеш сөндіріле бастаған, өрттің таралуы туралы қате болжам жасалған. 

Айым Болатқызы
Жұма, 02 Тамыз, 2024 08:00
Талқылау