Абай облысында тағы да дала өртеніп жатыр
Абай облысы Жарма ауданында дала өрті өршіді. Қазіргі таңда жалын 40 гектар жерді шарпыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство хабарлауынша, оқиға орнында өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
“Қалбатау ауылынан 1 автобус өрт аумағына аттанды. Жарма аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы да оқиға орнында жүр", – делінген әкімдік жарияланған хабарламада.
Ведомство өкілдері Бесқарағай ауданында да екі өрт шыққан хабарлады. Қазіргі таңда бір от ошағы сөндірілсе, екіншісі оқшауланды.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев шұғыл түрде жедел штаб отырысын өткізді. Ол ТЖД басшылығына жағдайды бақылауда ұстап, қосымша техника жіберуді тапсырды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”