Абай облысында орман өртенді

Видеодан скрин
Абай облысында орман өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт орман төсемесінің жануынан шыққан.
"Бородулиха ауданындағы Жернов орман шаруашылығы аумағында орман төсемесі жанған. Өртті сөндіру үшін әуеден тікұшақ жұмылдырылды. Бұл адам жетуі қиын жерде жалынның таралуын жедел тоқтатуға мүмкіндік берді", – деп хабарлады ТЖД.
Өртті сөндіруге облыстық ТЖД өкілдері мен "Семей орманы" мекемесінің қызметкерлері қатысты.
"Қызметтердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт 0,7 гектар аумақта оқшауланды", – деп қосты ТЖД.
Қазір елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Мамандар жағдайды бақылауды жалғастыруда.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан