Абай облысында әйелінің 9 жасар жиеніне азғындық жасаған ер адам өмір бойына сотталды
Фото: istockphoto.com
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасына толмаған баланы азғындық жолға түсіру фактісін қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сотталушыға екі бап бойынша айып тағылған:
- Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру);
- Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша.
Сот мәліметінше, айыпталушы 9 жасар балаға бірнеше рет зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық әрекеттер жасаған.
"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың тамыз айында күдікті М. Жарма ауданы, Шар қаласында жүріп, әйелінің 2016 жылы туған жиен қарындасына қарсы қылмыс жасаған", – делінген хабарламада.
Сотта айыпталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындамай, соттан ақтауды сұрады. Алайда оның кінәсі сотта жан-жақты зерттелген қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, жасаған қылмыстарының жиынтығы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жиенін жылдар бойы зорлап келген екі ағайынды өмір бойына сотталғаны туралы жазған едік.

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
