Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегейдің екінші келіншегі: Төрт баласы бар ер адамда не шаруаң бар деді

Абай Бегейдің екінші әйелі әкесінің тұрмысқа шығуға қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ?" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Абай Бегейдің екінші келіншегі: Төртбаласы бар ер адамда не шаруаң бар деді

Абай Бегейдің келіншегі осыдан біраз жыл бұрын көз жұмған. Төрт баласымен жалғыз қалған әнші екінші рет отбасын құрып, бүгінде бір үйдің отағасы болып отыр. Өнер иесінің екінші келіншегі өзінен әлдеқайда жас Фариза есімді ару. Фариза ханым ең алғаш отбасы болған, төрт баласы бар ер адамға тұрмысқа шығатынын айтқанда ата-анасы қалай қабылдағанын жеткізді. 

"Басында ата-анам қарсы болды. Бірақ, кейін анам да, әкем де, әпкелерім де келісті. Шынымды айтсам, әкем "Төрт баласы бар ер адамда сенің не шаруаң бар" деді. Анам шок болды, тіпті ештеңе айта алмады", - дейді Абай Бегейдің келіншегі.  

Бастапқыда қыздарына батасын бермеген Фаризаның ата-анасы бүгінде оның шешіміне разы. Абай Бегейдің жас келіншгі шешіміне түсіністік танытуды сұрап, ата-анасына жағдайды түсіндірген екен. 

"Өйткені үйдегілер мені отбасылы болған адамға тұрмысқа шығады деп ойламаған еді. Мен әке-шешеме қабылдаған шешімім осы, қолдауларыңызды сұраймын дедім. Танысып, сөйлескеннен кейін, разылығын берді", - дейді Абай Бегейдің әйелі. 

Талқылау